Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын ауыстырды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, — деп жазылған хабарламада.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.