Ғалымдар бұл затты терісінде жұқпалы жарасы бар тышқанға сынап көрді. Бұл жаралар ең қауіпті деп саналатын Pseudomonas aeruginosa пен Staphlyococcus aureus бактерияларынан туындайды. Сынақтың нәтижесінде тышқанның терісіндегі жаралар жойылып кеткен.
Осыдан кейін ғалымдар одан жұқпалы жараларға қарсы антибиотик алуға болатынына көз жеткізді. Ғалымдардың айтуынша, бұл препарат жұқпалы аурулардың қоздырғышы — патогендермен күресуге жол ашады. Алайда, ол үшін өте көп зерттеулер мен тәжірибелер өткізу керек.
Индонезия аралдарында тіршілік ететін кеселдің аузында бактериялардың 80 түрлі штаммы бар. Олардың кейбіреуі сепсис туғызады.