Apple компаниясы қант диабетімен ауыратындарға арналған құрылғы жасап жатыр

Қандағы глюкоза мөлшерін қан алмай-ақ білу идеясын Apple-дің бұрынғы басшысы Стив Джобс енгізген. Ол құрылғының Apple Watch сағаттары сияқты үнемі адаммен бірге жүрі керек екенін айтқан. Оны іске асыру үшін бес жыл бойы зерттеулер жүргізіліп келеді.

CNBC арнасының хабарлауынша, бұл жобада қазір бірнеше инженер-биодәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Былтыр олардың саны 30-ға жуық болған. Биыл тағы да он шақты маман тартылған. Олардың құпия лабораториясы Калифорния штатындағы Пало-Альто қаласында.

CNBC бұл құрылғының Apple Watch сағаттарына орнатылуы мүмкін екенін айтады. Осылайша «ақылды» сағаттарға деген сұраныс күшейе түспек.

ДереккөзTass.ru