TikTok Қазақстан брендтерін жарнама саласындағы Ad Awards креатив жүлдесіне қатысуға шақырады

TikTok Азия, Африкада және Қазақстанда бірінші TikTok Ad Awards жүлдесінің басталғанын хабарлады. Марапат креатив бастамалары TikTok-тың шынайы атмосферасымен табиғи түрде үйлесім тапқан, тамаша қолданушылық тәжірибенің жаңа мүмкіндіктерін ашатын және жоғары тиімділігімен айрықшаланған брендтер мен жарнамалық агенттіктерге арналған.

Марапат брендтерді көрнекті нәтижелерге жеткізген жарнамалық кампаниялардың ең жарқын да, шабыт беретін мысалдарын біріктіреді. Сыйлықтың басты мақсаты – өңірлердегі бизнес өкілдеріне өздерінің жарнамалық стратегиялардағы шығармашылық деңгей мен инновациялық шешімдерге деген ұмтылысын көрсетуге мүмкіндік беру. Жүлдеге қазақстандық компаниялардан бөлек, Сауд Арабиясы, БАӘ, Қатар, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Африка мен Пәкістан сияқты елдердің брендтері таласа алады.

TikTok платформада жарнамалық кампанияларын жүзеге асырған қазақстандық брендтер мен агенттіктерді TikTok Ad Awards жүлдесінің алты номинациясына қатысуға өтінім беруге шақырады. Атаулы сыйлықтың әрқайсысы TikTok-тағы жарнамалық науқандардың сәтті болған қажет, шешуші қырларының бірін көрсетеді:

  1. It’s the Creative for me (Шығармашылық әлеует): Қатысу үшін бәрінен бұрын креативті идея мен стратегия маңызды. Бұл санатқа TikTok-тағы кампанияларын жүзеге асыруда батылдық танытқан, креативтілік шекарасын ығыстырып, көрнекті нәтижелерге қол жеткізген брендтер мен агенттіктер қатыса алады.
  2. Community Core (Қауымдастық үні). Бұл жерде креаторлардың ең үздік қатысулары мен платформа қауымдастығымен ең тиімді жұмыстары атап өтіледі.
  3. Bougie on a Budget (Мәселе қаражатта емес). Бұл санат бюджеті мен ресурстары шектеулі болғанына қарамастан, табиғи және ақылы контентті біріктіріп, платформа қауымдастығын таң қалдыра отырып, барынша тиімді нәтижелерге қол жеткізген компанияларға арналған.
  4. Sound On Please! (Толық дыбыс!) Дыбыстық әсерді шығармашылық идеяның өзегіне айналдырып, жарнамалық кампанияларды барынша жарқыратып жүзеге асырған компанияларға арналған.
  5. The Trendsetter (Трендсеттер). Көптеген брендтер TikTok жарнамалық құралдарының кең каталогын пайдаланады. Бірақ, кейбіреулер мұны платформа аудиториясын тартатын, кейін мыңдаған қолданушылар таңдайтын трендтерді соншалықты ерекше әдіспен жасайды. Егер сіз солардың бірі болсаңыз, осы санат бойынша батыл өтініш беруіңізге болады.
  6. The People’s Choice (Көрермендер таудауы). Бұл санат бойынша марапаттау салтанатының қонақтары көп дауыс берген кампания жеңеді.

Сыйлықтың басты жеңімпазы ең жоғары марапатқа ие болады: The Greatest Of All Time (The G.O.A.T). Ол креативтілігімен көзге түскен және қалаған нәтижеге ең тиімді қол жеткізген ең үздік кампанияға беріледі. Сыйлықтың мақсаты – мәдениеттің жарқын үлгісін жасай алған, қолданушыларға қуаныш пен ләззат сыйлай алған және тұтас алғанда TikTok қауымдастығына оң ықпал еткен брендті атап өту.

G.O.A.T. жүлдесіне алты санаттың кез келгені бойынша өтінім берген барлық қатысушылар автоматты түрде үміткер бола алады.

https://tiktok-ad-awards.evessiocloud.com/ сайтында  марапат туралы егжей-тегжелі білуге және оған қатысуға өтініш беруге болады.