Алматыда қар көшкіні жүрді

Алматының Медеу ауданында өздігінен қар көшкіні жүрді. Бұл туралы төтенше жағдайлар дапартаменті хабарлады.

Медеу ауданында орналасқан қар жинағыштарға түскен қар көлемі — 4 000 текше метр. Зардап шеккен адамдар жоқ, — делінген хабарламада.

Синоптиктер қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейнінде көшкін қаупі сақталатынын ескертті.

Құтқарушылар өңірде көшкін қатері әлі де бар екенін еске салып, азаматтарға қарлы беткейге шықпау, таулы жерлерге бармау жөнінде кеңес берді.