«Жаңбыр жауып, жел соғады». Еліміз бойынша 8 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстан аумағы бойынша 8 сәуірге арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады.

Елімізде тұрақсыз ауа райы болатыны, кей жерде жаңбыр, кей жерде қар жауып, желдің күш алатыны, тұман түсетіні хабарланды.

ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, ал күндіз жаңбыр жауады деп. Күндіз еліміздің орталығында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Тек оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР бойынша тұман түсу, желдің күш алуы сынды табиғаттың ортақ сипаты байқалады. Солтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнайды, еліміздің оңтүстігінде қатты жел тұрады деп күтіледі, — делінген хабарламада.