Шетелдерден көлік әкелу арзандайды

“Құжатқа сай, қозғалтқышы 1500-3000 куб аралығындағы бензинмен жүретін жаңа көліктер, 1500 кубқа  дейінгі дизельмен жүретін көліктер және жеті жылға дейінгі көліктердің кедендік баж салықтары 1 пайызға азайтылып, 19 пайызды құрады”, – деп жазады kolesa.kz.

0-1500 куб см қозғалтқыштар мен 3000 кубтан жоғары қозғалтқышты жаңа көліктер және 1500 кубтен жоғары дизельді көліктер үшін баж салығы баяғы 15 пайыз деңгейінде қалды.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстан ДСҰ-ның толыққанды мүшелігіне кірген еді.