Өмірді өзгертетін 2 минут

Бақыт

Мен бақытсызбын. Өміріңіздегі бір нәрсені өзгертіңіз немесе өзіңіз өзгеріңіз.

Нені өзгертемін? Кез келген нәрсені. Қалағаныңызды таңдап алыңыз да, әрекетке көшіңіз.

Мүмкін ақшам көп болса, бақытты болатын шығармын? Иә, бірақ толықтай емес.

Ақшадан маңызды не бар? Жақындарыңызбен бірге өткізген уақыт, өзіңізге ұнайтын іспен айналысу — ақшадан маңыздырақ. Есіңізде ұстаңыз: өткен уақытты қайтара алмайсыз.

Уақыт

Ештеңеге уақытым жетпейді. Демек, өзіңізге ненің маңызды екенін дұрыс анықтамағансыз.

Бәріне үлгеруім керек қой. Сирек келісіңіз, жиі бас тартыңыз.

Бірақ істеуге міндеттімін ғой… Егер қандай да бір ұсынысқа бірден «Иә» дегіңіз келмесе, бас тартыңыз.

Бірақ бас тартсам ренжітіп аламын ғой. Өзіңізге ұнамаған іспен айналысқанша, бас тартқан дұрыс.

Қазір бас таруға болмайды. Бас тартуға болатын уақытты күтіп жүре берсеңіз, ештеңеге қол жеткізбейсіз. Кейін бұл қылығыңызға өкінетін боласыз.

Қарым-қатынас

Қалай бірден ұнауға болады? Көзге тік қараңыз. Күлімдеңіз. Асықпай сөйлеңіз. Сенімді болыңыз.

Оны кездесуге шақырсам ба екен? Әрине.

Бас тартса ше? Одан ештеңе жоғалтпайсыз. Есесіне, байқап көрдіңіз.

Жиі ренжісеміз. Айырылысыңыз.

Одан жақсы ешкімді кездестіре алмасам не болады? Ал одан да жақсы адамды кездестірсеңіз, не болады?

Мені тастап кетті, жүрегім жаралы. Бірақ әлі соғып тұр ғой? Демек, бәрін өзгертуге болады.

Енді не болмақ?

Бәрі қиын. Білеміз! Бәрі оңай болса, баяғыда-ақ бақытты боп кетер едіңіз.

Менің қолымнан келмейді… Сіз тек істеп көргенде ғана қолыңыздан келетініне көз жеткізесіз.

Маған бұл көмектеспейді. Жарайды! Дәл қазіргідей бақытсыз өмір сүруді жалғасытыра беріңіз.

Бірақ қазіргі өміріме көңілім толмайды. Әрине, күн сайын бір нәрсе қайталана берсе, нәтиже болмайды. Біз не өзгереміз, не жеңілеміз.

Өзгеруді қашан бастауым керек? Дәл қазір.