Қазақстанда онлайн несиелер жаңа ереже бойынша беріледі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шағын несиелерді электрон түрде беру ережелеріне өзгерістер енгізу жобасын әзірледі.
Жоба «Ашық НҚА» порталында 8 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін жарияланған.
Құжат бойынша, клиентті жеке кабинетте тіркеу кезінде СДАО қызметін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіру немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғысы арқылы алынған биометриялық деректерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Клиенттің ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірі туралы деректерге және банк шотының деректемелеріне (терминалдар арқылы микрокредит беруді қоспағанда) өзгерістер енгізу, клиенттің жеке кабинетінде СДАО қызметін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіруді немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғысы арқылы клиентті тіркеу кезінде алынған клиенттің биометриялық деректерін қолдану арқылы жүргізіледі.
Электрон тәсілмен микрокредит беру микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның банктік шотынан клиенттің банктік шотына (төлем карточкасына) ақша аудару жолымен, сонымен қатар клиентке терминал арқылы қолма-қол ақшаны беру және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымды қарыз алушы сатып алатын тауарларға немесе орындаған жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеуді көздейтін шарт жасасқан заңды тұлғаның банктік шотына микрокредитті қарыз алушының өтініші бойынша аудару арқылы жүзеге асырылады, — делінген құжатта.
Бұл ретте биометриялық идентификаттау кезінде клиенттің қайталанбайтын бақылау қимыл-қозғалыстарын орындау тізбектілігін биометриялық идентификаттау барысында тексеру арқылы клиенттің биометриялық деректерін қолдан жасау үшін статикалық сурет немесе бейнежазбаны қолданудан қорғау қамтамасыз етілетіні айтылған.