Ішкі істер министрлігі тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны ары қарай күшейту шараларын түсіндірді.
2023 жылдың соңында президенттің жарлығымен Адам құқықтары және заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары бекітілді. Ол бойынша, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сонымен қатар отбасылық құндылықтарды ілгерілету жөніндегі шараларды күшейту бойынша заңнамалық түзетулер әзірленді.
Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаеваның айтуынша, алдағы уақытта денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу сияқты әрекеттер үшін қылмыстық жазаға тарту жоспарланып отыр.
Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар шеңберінде сотқа «агрессорды» тұрғын үйден уақытша шығару құқығы беріледі. Оған әлеуметтік бейімделу орталықтарында өз іс-әрекетін ой-елегінен өткізуге мүмкіндік беріледі, — деді Ақмарал Серікбаева.
Сонымен қатар сот басбұзарды денсаулық сақтау ұйымдарында міндетті психокоррекциялық курстардан өтуге міндеттей алады.
Осыған ұқсас ерекше талаптар қылмыстық кодекс шеңберінде де белгіленеді. Сонымен қатар ішкі істер министрлігінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған дербес бөлімше құрылады. Ол бөлімшелер тек тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреспен айналысады, — деді инспектор.