Назарбаев: «Төлей алмасаң, кредит алма»

«Қайта қаржыландыру бағдарламаларына 130 миллиарда теңге жұмсайтынбыз. Қазір 21 мың адал емес қарыз алушы бар. 19,5 мың адамға қарыз төлеу жеңілдетілді», — дейді Назарбаев.

ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев осы мәселеге қатысты өз ойын айтты.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл мәселе бойынша екі пікір бар. Біріншісі — көмектесу керек. Екнішсі — көмектесу арқылы масылдыққа үйретеміз», — дейді ол.

«Негізі кредит төлемеу бұл қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Бізде мұны ешкім тұсінбейді. Төлей алмасаң, кредит алма. Алдың ба, қайтару керек. әркім өз ісіне жауапты болу керек. Ешкім ипотекалық кредит ал деп зорлаған жоқ. Мемлекетке қаржы құятын сала жетерлік, осы халық үшін, эконмиканы дамытуға, индустриализацияға. Сондықтан мұны қатаңдату қажет, тексеру керек. Екінші деңгейлі банкетр адамдарды масылдық әдетінен қайтарыңдар. Үкіметке де осы тапсырма», — деді Елбасы.

ДереккөзTengrinews