Ұлттық нақышта безендірілген мерекелік пойыздар жолға шықты

Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық вокзалдардың перронынан этникалық стильде безендірілген пойыздар рейске шықты. Бұл туралы «Қазақстан теміржолы» хабарлады.

Олар:

  • №3/4 «Астана-Алматы»,
  • №85/86 «Астана-Шымкент
  • №7501/7502 «Астана-Павлодар» бағыттарындағы пойыздар.

Жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алды, — деп атап өтті компания.

Жолаушылар мен шығарып салушылар үшін домбырашылар қазақ халқының мәдениетінің басты символы – домбыраның сүйемелдеуімен ән салды.

Сонымен қатар әрбір жолаушыға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын еліміздің ұлттық тағамдары «наурыз көже» мен «бауырсақ» ұсынылды.

Елімізде аталып өтетін мерекелермен жолаушыларды құттықтау – компанияның жыл сайынғы дәстүрі, — деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов.

Оның айтуынша, компания жыл сайын жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, пойыздарды ерекше стильде безендіруді әдетке айналдырған.