Мереке күндері Астана мен Павлодар арасында қосымша электр пойыздары жолға шығады

Наурыз мейрамында жолаушылар ағынының көбейе түсетінін ескере отырып, «Қазақстан темір жолы» АҚ 20 наурыздан қосымша электр пойыздары мен вагондарын жолға шығарады. Қосымша рейстерге билет қазірден сатылып жатыр.

Бұл туралы ұлттық темір жол компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Наурыз мерекесіне орай «Павлодар-Астана-Павлодар» бағытында қосымша электр пойыздары жұмылдырылады. Электр пойыздары кестемен жүреді: «24 наурызда «Павлодар-Астана № 7509 электр пойызы бір бағытта» 21 және 22 наурыз күндері «Астана-Павлодар» бағытында № 7510 электр пойызы, — делінген хабарламада.

Бұған қоса 20-25 наурыз аралығында «Павлодар-Түркістан», 21-25 наурыз аралығында «Павлодар-Пресногорьковская» бағыттарындағы пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі.