Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 25 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін.

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.