27 жасқа толғаннан кейін әскери билетті қалай алуға болады?

27 жасқа толып, әскери билет алуыңыз үшін қажетті құжаттарды жинап, жергілікті әскери басқару органына баруыңыз керек.

Құжаттар:

  1. мекенжай анықтамасы;
  2. сотталмағаныңыз туралы анықтама;
  3. жоғары оқу орнын аяқтаған кезде берілген диплом және оның нотариус бекітен көшірмесі;
  4. жеке куәлігіңіздің үш көшірмесі (біреуі нотариуспен бекітілген);
  5. неке, баланың куәлігі және олардың көшірмесі;
  6. 3×4 көлеміндегі екі сурет;
  7. әскери тіркеу туралы куәлік (куәлік жоғалтқан жағдайда тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға барып, тіркеу куәлігінің көшірмесін алу керек);
  8. амбулаториялық карта.

Медициналық талдау тізімі:

  1. несеп талдауы;
  2. қанның толық талдамасы және микрореакция;
  3. ЭКГ;
  4. флюорография.

Анықтамалар:

  1. психикалық саулық орталығынан;
  2. наркологиялық диспансерден;
  3. туберкулезге қарсы диспансерден;
  4. тері-венерологиялық диспансерден.

Құжаттарды өткізгеннен кейін Сіздің ісіңізді қорғаныс ісі бойынша аудандық басқарма басшысы қарауға алады. Егер әскери міндеттерді орындамағаныңызға ешқандай себеп болмаса, айыппұл ксалынады. Ол Әкімшілік құқықбұзушылықтары туралы кодекске сәйкес 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде болады.

Әскери қызметтен кімдер босатылады?

— қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін азаматтар;

 

— мемлекеттік, азаматтық және тәжірибелік авиацияның авиация персоналы;

 

— егін және жинау жұмыстары кезінде ауылшаруашылық техникасын жөндеу ұйымдарында және ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін азаматтар;

 

— оқу жылы кезінде күндізгі оқыту нысанындағы білім беру ұйымдарының педагогика қызметкерлері;

 

— күндiзгi оқу бөлімінде оқитындар;

 

— әскери міндетті әйелдер;

 

— әскери міндеттілер запастан шығарылғаннан кейін 2 жыл ішінде;

 

— 18 жасқа толмаған 3 және одан да артық балалары бар азаматтар;

 

— алдын ала тергеудегі немесе сот қылмыстық iсін қарап жатқан адамдар;

 

— Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары немесе жергілікті өкілдік органдар сайлаған әскери міндеттілер.

 

— сотталған азаматтар.

Осыдан кейін медициналық комиссиядан өтуіңіз керек. Мұнда дәрігерлер денсаулығыңыздың әскери қызметке қаншалықты жарамды екенін анықтайды. Ары қарай құжаттардың сәйкестігін тексеру қажет.

Айыппұлды төлегеннен кейін жиналған құжаттарды ХҚКО-ға өткізесіз. Сондай-ақ, аймақтық қорғаныс істері басқармасына құжат өткізуге, әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мен медициналық комиссиядан өтуге екі сағаттай уақытыңыз кетеді.

Ал, ХҚКО әскери билетті 28 жұмыс күнінен кейін береді. Оны алған соң аймақтық қорғаныс істері басқармасына барып, жалпы әскери тіркеуге тұруыңыз керек. Сіздің атыңызға тіркеу карточкасы ашылып, оған барлық мәлімет жазылады. Соңында әскери тіркеуге тұрғаныңыз туралы мөр басылады.

ДереккөзTengrinews.kz