Алматыда алимент төлемей жүрген борышкердің көлігі тәркіленді

Биыл Алматыда 10 борышкердің автокөлігі тәркіленді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Айдын Қайдаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматыда алимент өндіріп алу бойынша 18 мыңнан астам іс орындалып жатыр. 10 мамандандырылған кеңсе құрылған. Алматыдағы ең үлкен алимент бойынша берешек бүгінде 63 миллион теңге.

Борышкерден мүлкі мәжбүрлеп алынып жатыр. Жақында Лексус 570 тәркіленді. Жыл басынан бері 10 борышкердің автокөлігі тәркіленді. Біздің мақсатымыз – мәселенің заңды жағын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар қоғамның назарын осы өзекті мәселеге аудару, – деді Айдын Қайдаров.