Марат Омаров «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» төрағасы болып тағайындалды

Марат Омаров еңбек қызметін «Digiet Limited» АТ компаниясында бизнес-сарапшы болып бастаған. Ол ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тарифтік және институционалдық саясатын қалыптастыру департаменті директорының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

Лондон Экономика және саяси ғылымдар мектебін (LSE) аяқтаған. Әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін иеленген. Стэндфордск жоғары бизнес мектебінде «Инновациялар және кәсіпкерлік» бағдарламасы бойынша оқыған.

 

ДереккөзBaq.kz