Биыл өңірлерде бес су қоймасының құрылысы басталады

Елімізде жаңа су қоймаларының құрылысы басталды. Биыл Қазақстанның әр өңірінде бес су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

Қазір сегіз нысанның құжаттары әзірленіп жатыр. Министрлік 11 облыста барлығы 20 жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Жұмыс 2024-2028 жылдар аралығында орындалуға тиіс.

Жаңа су қоймалары суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға ұлғайтуға және 137 мың тұрғыны бар 70 ауылдық елдімекенді су басу қаупін азайтуы керек.

Құрылыс жұмыстары су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес жүргізіледі. Қазір жаңа су қоймаларын салуға инвесторларды тарту бойынша келіссөз жүріп жатыр. Жоба елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және трансшекаралық өзендерге тәуелділікті азайту үшін іске асып жатыр, — деді Нұржан Нұржігітов.