Алматыдағы базарда сауда бутиктері өртенді

Алматыда «Береке» базарының аумағында халық тұтынатын тауарлар сататын екі бутик өртенді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт таңғы сағат 06.15-те оқшауланып, 06.18 кезінде сөндірілген.

Жалын аумағы — 50 шаршы метр. Зардап шеккен ешкім жоқ.  Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндірушілер өрттің жақын маңдағы нысандарға таралуының алдын алды.