Еліміздегі бір облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

9 ақпан сағат 15.30-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты бір облыста республикалық маңызы бар бір автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Жетісу облысында жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын бір автожол (екпінді жел, шектеулі көрініс) жабылған.

1. «Үшарал-Достық»-Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік түрі үшін)

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарға 711 бірлік техника және 1 523 адам жұмылдырылды.