Ғалым Владимир Отмаховтың айтуынша, шаш арқылы адам ағзасындағы маңызды микроэлементтерді зерттеуге болады. Ал олардың ауытқуы ағзадағы түрлі аурулардан хабар береді. Сондықтан шашқа микроэлементті сараптама жасау — ауруларды анықтап, қажетті ем-жомын тез арада жасауға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, аталған тәсіл арқылы бірден 30 химиялық элементтің концентрациясын анықтауға болады екен.
«Әдетте бір тал шашты ерітіндіге салып, кейін құрамын қымбат реагенттер арқылы зерттейді. Ал біздің тапқан жаңа тәсіліміздің сыры мынада: біз шашты арнайы камерада 400-450 Цельсий градус температурада жағамыз да, қалдығын зерттейміз»,- дейді ғалымдар.
Жаңа тәсіл тиімділігін көрсетіп үлгерген. Ғалымдар ишемиялық инсульт алған адамдардың шашып зерттеп, ондағы элементтердің өзгергенін анықтады. Осыдан кейін аталған технология аттестаттаудан өтіп, Ресейдегі Федералды ақпараттық қорға енгізілген.