Алматы облысында су басу қаупі бар 27 елдімекен анықталды

Алматы облысында көктемгі су тасқынына әзірлік жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Дәурен Азаматов айтты.

Оның айтуынша, Алматы облысында су басу қаупі бар 27 елдімекен бар. Оның жетеуінде қауіп толығымен жойылып, 20 нысанда қауіп төмендетілді.

Аймақтағы елдімекендерден 3 мыңнан астам текше метр қар шығарылды. 154,8 шақырым арық желілері, 48,2 шақырым канал, 87 бірлік автожол және жеті бірлік темір жол астындағы су өткізу және 27,2 шақырым су бұру каналдары қазылды, — деді Дәурен Азаматов.

Сонымен қатар ол Еңбекшіқазақ, Талғар, Кеген және Қарасай аудандарының 12 елдімекенінде жергілікті және республикалық маңызы бар жолдардағы 88 су өткізу құбыры ауыстырылып, 435 шақырым арық-канал жүйесі қайта жаңартылғанын атап өтті.