Басты бетЖаңалықтарСамұрық-Қазынаның 18...

Самұрық-Қазынаның 18 ірі компаниясы сатылады

«2018 жылы 61, оның ішінде республикалық меншіктегі 4, коммуналдық меншіктегі 19, Ұлттық холдингтердің 35 және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 3 нысанын сату жоспарлануда. Аталған нысандардың  50-і Топ-65 тізіміне кіреді. Олардың 2017 жылы 29 топ нысанын, оның ішінде Ұлттық холдингтердің 21 және республикалық меншіктің  8 топ нысанын сату көзделіп отыр», – деді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің айтуы бойынша, 2018 жылы 21 топ нысан сату жоспарлануда, оның 16-сы Ұлттық холдингтердің, ал 5-еуі мемлекеттік меншіктің нысаны саналады.

«2019-2020 жылдары Самұрық-Қазынаның 18 ірі компаниясын, оның ішінде IPO/SPO аясында 8 топ компаниясын сату жоспарланып отыр», – деді министр.

ДереккөзInform.kz