Шымкентте жалған доллар сатқан ер адам сотталды

Шымкент тұрғыны жалған доллар сатқаны үшін сотталды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 

Қала тұрғыны дәмханалардың біріне барып, жалған 100 долларлық банкноттармен жалпы сомасы 1 900 АҚШ долларын сатқысы келген. Бірақ ақшаны айырбасау кезінде қолға түсті.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адамның кінәсі дәлелденді. Шымкент соты 15 жыл алты айға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қолма-қол ақшаны алғанда мұқият болуға кеңес берді.