Еліміздің тоғыз облысында жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты тоғыз облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «Қазавтожол» Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.
  • Абай облысында – үш учаске;
  • Ақмола облысында – бір учаске,
  • Ақтөбе облысында – төрт учаске;
  • Шығыс Қазақстан облысында – бес учаске;
  • Қарағанды облысында – бір учаске;
  • Қостанай облысында – үш учаске;
  • Қызылорда облысында – бір учаске;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – төрт учаске;
  • Ұлытау облысында  – бір учаске.

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 816 бірлік техника  және 1605 жолшы жұмылдырылды.