4 ақпан күні Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Астанада, Алматы мен Шымкентте 4 ақпан күні ауа райы қандай болатынын болжады. Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жариялады.

Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 1 градусқа дейін көтеріліп, түнде -9 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с болады.

Астанада қар жауады. Күндіз ауа температурасы -2 градусқа дейін жетіп, түнде -8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,3 м/с.

Шымкентте де қар жауады. Күндіз термометр бағаны 1 градусқа дейін жетіп, түнде -2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,0 м/с деңгейінде болады.