Басты бетЖаңалықтарЕкатеринбург-Алматы тас...

Екатеринбург-Алматы тас жолының учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Қатты жел мен қарға байланысты Екатеринбург-Алматы тасжолының бір бөлігі көліктің барлық түрі үшін жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар күре жолдың «Екатеринбург–Алматы» 1292 — 1353 шақырымындағы Жібек жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді, – деп жазылған «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Еске салайық, Baribar.kz ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілгенін жазған.