Басты бетЖаңалықтарБүгін Қазақстанның...

Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Астанада, Алматы мен Шымкентте 3 ақпан күні ауа райы қандай болатынын болжады.

Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -1 градусқа дейін көтеріліп, түнде -11 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,7 м/с болады.

Астанада қар жауады. Күндіз ауа температурасы -6 градусқа дейін жетеді, түнде -12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,2 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты болады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 1 градусқа дейін көтеріліп, түнде -7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с деңгейінде болады.