Оралдың тағы да 50 мың тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізді

Бұл жерде суды газ түріндегі хлорды қолданбай, қауіпсіз натрий гипохлоридіне көшу арқылы заразсыздандырады. Мұндай тазалау әдісіне бірте-бірте Оралдың жер асты су жинау  және  су тазарту құбырлары да көшеді.

«Батыс Су Арнасы» ЖШС-нің келешектегі дамуы жөнінде және жылдың қорытындысы туралы журналистерге Оралдың сумен жабдықтау нысандарына жүргізілген баспасөз туры кезінде баяндалды.  Қалада жаңа станция салу жобасын басқарушы компания «Су ресурстары-Орал Маркетинг» ККЖ ЖШС бастамасы бойынша іске асырды.

«4 жыл бұрын Қазақстанда тұрғын үй шаруашылық жүйесін кешенді жаңғырту басталды. Оның ішіне су арналарын жаңғырту да кірді. Бүгінгі таңда пайда әкелетін су арналары саусақпен санарлық. Мысалы, осындай жетістіктерге Алматы, Шымкент және басқа да бірнеше өңірлер қол жеткізе алды. Біз қазір осы қалалардың оң нәтижелі тәжрибесін қолданудамыз», —  деді «Батыс Су Арнасы» ЖШС-нің директоры Шунаев Есжан.

«Батыс Су Арнасы» ЖШС 2016 жылға дейін коммуналдық меншікте болды.
Бір жыл бұрын кәсіпорын «Су ресурстары-Орал Маркетинг» ККЖ ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілді. Бұрынғыша қалалық әкімшіліктің қарамағында. Басқарушы компанияның міндеті — алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу, өндірістік үрдістерді басқару және водоканалды пайдаға шығару. Компания өз жұмысы туралы есепті бақылау-тексеруші органдарға және әкімшілікке тұрақты тапсырып отырады және ашық жұмыс жасайды.

Компанияның сенімгерлік басқарудағы жұмысы тіпті бірінші жылы ақ жақсы нәтиже берді. Алдын-ала қаржылық есепшілік бойынша  негізгі қызметтен түскен табыс 2015 жылмен салыстарғанда (1 млрд 843 млн) 446 млн теңгеге өсті және 2 млрд 289 млн теңгені құрады. Басқа қызметтен түскен табыс 18,1 миллион теңгеге өсті: 2015 жылғы 24,7 млн-нан 2016 жылы 42,8 млн-ға дейін. Компанияның жалпы табыстылығы 2015 жылғы 138 885 мың теңге мөлшеріндегі жалпы кіріс көрсеткішімен салыстырғанда 2016 жылы 7,8 % (175 261 мың теңге) құрады. Бақылаудың нәтижесі компанияның қызметтерді аз шығындармен көрсететіндігін қорытындылады. Яғни, табыс бөлігінің өсуі 27 %, сонымен бірге 2015 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнының өсуі 7 %  құрады. Компанияның 2016 жылдағы жұмыс нәтижесі 2015 жылдағы 650 105 мың теңге сомасындағы зиянмен салыстырғанда,  зиянның  көлемі  279 664 мың теңгеге дейін төмендетілді. Нәтижеге басқарушы компания  қызметкерлерінің   және «Батыс Су Арнасы» ЖШС қызметкерлерінің  жөнге салынған  кәсіби жұмысының арқасында қол жеткізілді.

«Қазақ Суарнажоба» АҚ, сумен жабдықтауды жобалау бойынша мамандандырылған профильді мемлекеттік институттың қорытындысы және алдын-ала есептеулер бойынша, Орал су арнасын жаңғыртуға  шамамен 84 млрд теңге қажет.

«Су ресурстары-Орал Маркетинг» ККЖ ЖШС директоры Анатолий Прокудин: «Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғырту аясында ең маңызды қандай жобаларды іске асырамыз? Желіліерді күрделі жөндеуден өткізу, тазартқыш ғимараттарды қайта құру (70 жылдары салынған қалалық коллекторлар), сонымен қатар деманганация және жаңа сүзгі стансасын салу. Үйге ортақ есептеу аспаптары және көтергіш қосалқы станцияларында суды есепке алу жүйесі автоматтандырылады.

Біз желілердің күйіне сараптама жасадық, архитектура және қала құрылысы қызметі жөніндегі заңнамаға сәйкес  жобалық құжаттама дайындап жатырмыз, қаржы көзін анықтаймыз. Жиналып қалған мәселелерді бір мезетте шешуге болмайды. Сондықтан инвестициялық бағдарлама 2031 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізіледі» — деп түсіндірді.

2016 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 1400 метрден астам  су құбырларына және үлкен диаметрлі кәріз желісіне қайта құру жұмыстары жүргізілді. Бағдарлама аясында бөлінетін ақшалай қаражат қайтарылады, яғни, «Батыс Су Арнасы» ЖШС алған несиесін өтеуі қажет. «Карачаганак Петролеум Оперейтинг» қаражаты есебінен Евразия көшесі бойында ұзындығы 1400 метр өздігінен ағатын канализация коллекторына, Евразия даңғылы бойындағы 2-ші базадан Достық даңғылына дейінгі 3444 метр өздігінен ағатын канализация коллекторына  қайта құру жұмыстары жүргізілді.

«Батыс Су Арнасы» ЖШС сумен қамтамасыз етуді бақылау және есепке алу жүйелерін автоматтандыру жұмыстарын бастады. Кәсіпорында есепке алынбаған шығындармен немесе су шығынымен күреседі.  Жүзден астам үйді заманауи есепке алу аспаптарымен жабдықтайды, осындай аспаптарды тораптық станцияларда да орнатады.

Техника коммуналдық желілердегі жүктемені есептеуге, судың қысымын белгілі бір деңгейде ұстаға мүмкіндік береді.

Мамандар – Қазақстан 2012 жылдан бастап  суарналарын өтеусіз қаржыландырудан ауытқи бастағандығын мәлімдейді. Қазір бұл салада «Нұрлы Жол» бағдарлмасы аясында бюджеттік қаржыландыру және халықаралық қаржы ұйымдарының заемын тарту арқылы қайтарымды қаржыландыру тетіктері жұмыс істейді.

«Батыс Су Арнасы» ЖШС «сенімгерлік басқару кәсіпорынның дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады» – дейді.

Тиімді менеджмент көмегімен Оралдағы суарна шығынсыздық нүктесіне шығуға тиіс және инвестициялық тартымды бола алады.