Бүгін Қазақстанның 8 қаласында ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның сегіз қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады.

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

2024 жылғы 25 қаңтарда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Риддер, Павлодар, Петропавл қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.