Елбасы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы туралы жарлыққа өзгертулер енгізді

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) осы Жарлыққа сәйкес лауазымдары және лауазымдарының санаттары өзгертілген мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етсін.

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды Ақорданың ресми сайтынан көре аласыздар.

ДереккөзBaq.kz