Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Бүгін елордада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.

Отырысқа ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, ҚР президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ҚР қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысып жатыр.

Атап айтқанда, парламент палаталары Біріккен ұлттар ұйымының миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің бітімгерлік контингентін жіберу тақырыбын қарайды.