Парламент палаталарының бірлескен отырысында қандай мәселе қаралады?

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова парламент палаталарының бірлескен отырысында қандай мәселелер қаралатынын жариялады.

Бүгін сенатта өткен брифиңде журналистер ертеңгі отырыстың не себепті өткізілетінін сұрады.

Парламенттің құзіретіне кіретін бірнеше функция бар. Барлығы Конституциямен бекітілген. Соның бірі – Қазақстанның өзіне алған міндеттемелері бойынша бітімгерлік миссиялары. Осыған байланысты президент тарапынан ұсыныс түсіп жатса, оны парламент палаталарының бірлескен отырысында қарап бекітеді. Негізгі қаралатын мәселе осы болады деп жоспарланып отыр, — деді Ақмарал Әлназарова.

Еске салайық, ертең сағат 10.00-де парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді.