Енді «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қызметкерлер жаңа ережемен қабылданады.
Өзгерістер Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі №74 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 20-1 және 44-9 тармақшаларына сәйкес енгізілген.
Президент жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы шықты.
Бұйрықтың 1-қосымшасы бойынша, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қызметіне қабылдау конкурсы мен мемлекеттік қызмет үміткерлеріне қойылатын біліктілік талаптарының қағидасы бекітілсін. Бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен әділет министрлігінде тіркелсін, — делінген құжатта.
Бұйрықтың орындалу барысын агенттік төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары қадағалайды.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар қағидасымен сілтеме арқылы танысуға болады.