Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс төрағасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Қос палатаның бірлескен отырысы 19 қаңтар күні сағат 19.00-де өтеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 19 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған өкім мәтінінде.