Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Фото: Айгүл Хожантаева
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 14 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек батыста күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

Еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел тұрады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында екпіні 30 м/с күшті жел болады.

Мақалаға реакция