Доллар 452–456 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 452–456 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452,5–455,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 452–456 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 12 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 453,12 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,10 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,95–5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,97-5,12 теңгеден сатылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да