Алматыда жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Алматыда еңбек нарығындағы жағдай жақсарды. 2023 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ке дейін төмендеді.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифиңде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов айтты.

Алматыда 2023 жылы ұлттық жобалар аясында және кәсіпкерлік субъектілерімен 89 995 жұмыс орны құрылды, оның 81%-і немесе 72 824-і тұрақты жұмыс орындары. Осылайша, халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекет қолға алған барлық шара қаладағы жұмыссыздық деңгейін 5%-тен 4,8%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді, — деді Бауыржан Жаубасов.

Сонымен қатар ол 2024 жылы мегаполисте жаңа 90 508 жұмыс орны ашылатынын айтты. Былтыр 10,3 алматылыққа жеке кәсібін ашу үшін гранттар берілді.

«Бастау Бизнес» жобасы және гранттар бойынша ісін жаңа бастаған 10,3 мың кәсіпкер қолдау алды, бизнесті ашқысы келетін 135 жасқа 5 миллион теңгеге дейін жеңілдікпен (жылдық 2,5%-пен) шағын несиелер берілді. Курстардан 4 мыңнан астам адам өтті, 31,3 мың оқушы, студенттер мен жұмыссыздар арасында кәсіптік бағдар өткізілді, — деді спикер.