ТЖМ Алматы хостеліндегі өрттің ықтимал себептерін атады

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматы хостеліндегі өрттің ықтимал себептерін айтты.

Үкімет отырысынан кейін өткен брифиңде БАҚ өкілдері Алматы хостелінде бірнеше адамның өліміне себепші болған өрттің тұтану себебін сұрады.

Бұл жарық қондырғысының қызып, балқуынан туындаған қысқа тұйықталу болуы мүмкін. Екінші нұсқа – өрт ұшқыны болуы ықтимал. Демек, біреу темекі тұқылын немесе сіріңке шырпысын тастауы мүмкін. Негізгі себептері осы болуы ықтимал, — деді Сырым Шәріпханов.

Еске салайық, 30 қарашада Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза болған еді.