Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазгидромет: Бүгін елдің басым бөлігінде жауын жауады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде 4 қаңтарда ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар елдегі ауа райына әсер етеді, осыған қарай күн құбылмалы болады.

Елдің басым бөлігіне жауын жауады (көбінесе қар). Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ, боран соғып, екпінді жел тұрады.