Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды

Қазақстанда екі облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Жетісу облысында – бір учаске:

  • «Үшарал-Достық» 84–184 шақырымы. Көктұма станциясы — Достық станциясы – 100 шақырым.

Қарағанды облысында – бір учаске:

  • «Екатеринбург–Алматы, Солтүстік–Шығыс айналма жолы» 0-16 шақырымы. Пришахтинск а.- Новостройка а. – 16 шақырым.

Шектеу көліктің барлық түріне енгізілді. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 345 техника мен 584 адам жұмылдырылды, — делінген хабарламада.