30 желтоқсанда еліміздің алты өңірінде республикалық маңызы бар жолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, бұл учаскелерде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді. Атап айтқанда:
- Ақмола облысында – бес учаске
- Жамбыл облысында – бір учаске
- Жетісу облысында – бір учаске
- Қарағанды облысында – алты учаске
- Павлодар облысында – бір учаске
- Ұлытау облысында – бір учаске
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 252 техника және 429 жол қызметкері жұмыс істеп жатыр, — делінген хабарламада.