Алматының бірнеше ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады

Алматының бірнеше ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады. Бұл туралы мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

30 желтоқсаннан бастап Бостандық, Түрксіб, Жетісу және Наурызбай аудандарында ақылы тротуар тұрағы минутына төленеді.

Бостандық ауданында тоғыз аймақ және 710 автотұрақ болады, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 45 орын бар.

Түрксіб ауданында бір аймақ, 305 орын, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 15 орын бар.

Жетісу ауданында екі аймақ, 201 орын және мүгедектігі бар адамдар үшін 20 орын бар.

Наурызбай ауданының бір аймағында 75 орын бар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін екі орын жұмыс істейді.