Алматыда алаяқтар қарт адамдарды алдап жүр

Алматы полициясы алаяқтардың қарт адамдарды алдап жатқанын ескертті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Алматы қалалық полиция департаменті азаматтарды аталған алаяқтық түрі туралы жақын туыстары мен достарын, әсіресе қарт адамдарды ескертуге шақырды.

Егер сізге полиция қызметкері қоңырау шалса, полиция қызметкерлері сізден ақша сұрауға құқығы жоқ екенін есте ұстаңыз. Әңгімелесуді бастамас бұрын сұхбаттасушы өзін таныстыруы керек (аты-жөні, қызметі, лауазымы, жұмыс орны). Бұл ақпаратты «102» арнасы арқылы тексеріп алуыңыз қажет. Бейтаныс адам телефон соқса, оның сізге нені және қалай айтқысы келетініне назар аударыңыз. Алаяқтар, әдетте, асықтыруға, шатастыруға және ықтимал салдарын айтып қорқытуға тырысады, — делінген хабарламада.

Полицияда, сонымен қатар азаматтарды кез келген ақпарат тексерілуі керек екенін және бейтаныс адамдарға ақшаны жібермеуге немесе аудармауға шақырды.