Алматыда автобус бірнеше адамды қағып кетті: полиция түсінік берді

Алматыдағы автобус апатынан үш адам қаза болды. Оқиға салдарынан жеті адам зардап шеккен.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, кеше, 18.15-те 47-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрған, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған.

Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам қаза болып, тағы төрт адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Оған қатысты ҚР қылмыстық кодекстің 293 бабы (бұзақылық) және ҚР қылмыстық кодекстің 351 бабы (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Осы бап бойынша ол сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұсталған адам ПД-нің уақытша ұстау изоляторына тоғытылды, — делінген хабарламада.