Президентке хат жазған елордалық оқушының арманы орындалды

Астаналық 12 жасар Кемел Жүсіповке Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сыйлық табыс етілді.

Президенттен сыйлық алдым. Хатымды оқыпты. Туған күніме, өзім қалағандай, президенттің қолтаңбасы мен тілегі бар кітапты сыйлыққа алдым. Менің арманым орындалды. Әлі сене алар емеспін. Көп рақмет Сізге!, — деп жазды елордалық оқушы Instagram-дағы парақшасына.

Баланың айтуынша, 21 желтоқсанда анасымен бірге президент әкімшілігіне шақырылып, сыйлыққа кітап алған.

Кемел Жүсіповке өмірде ақ жол тілейміз! Азамат бол!, — деп жазған мемлекет басшысы.