Қызметтік иттің көмегімен полицейлер шетелдіктің аяқ киімінен «гашиш» есірткісін тапты
Полицейлер алған ақпарат бойынша күдік тудырған ер адамға тінту жүргізу кезінде шетелдіктің аяқ киімінің ішіне жасырып алған есірткіге ұқсас зат табылды. Сараптама қорытындысында оның «гашиш» есірткісі екені расталды.
Жеке басын анықтау барысында, 51 жастағы ер адам өзбекстан елінің азаматы болып шықты. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
Мақалаға реакция
