Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражаты ұрланғаны анықталды

Алматы прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Бұл туралы Алматы прокуратурасы хабарлады. 

Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.