18 желтоқсанда бірнеше өңірде қалың қар жауып, көктайғақ болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18 желтоқсанда бірнеше өңірде қар қалың түсіп, көктайғақ болатынын болжады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман болуы мүмкін. Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының түнде батысында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының орталығында жаяу бұрқасын болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.

останай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман тұруы мүмкін. Күндіз облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын, солтүстігінде көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15- 20 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең тұман болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында қатты қар жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. 18 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с.