Алматы тауларында көшкін жүруі мүмкін

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тауда көшкін жүруінің ықтимал екендігін ескертті.

Алматы маңындағы тауларда 2600 метрден жоғары биікте қар қалындығының 25 см болуына байланысты (қар әлі жауып жатыр) Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде және Богданович мұздығының ауданында көшкін жүру қаупі сақталады, — деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Осыған байланысты, «Қазселденқорғау» мекемесі мен ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан тауға барудан бас тартуды сұрайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да